2020 жылғы 28 қаңтарда Бөрлі ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігінің ғимаратында Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау және түсіндіру мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді.

Шараға аудандық бақылау-қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаментінен арнайы шақырылған қызметкерлері қатысты.

Айтылған мәселенің бірі кәсіпкерлердің құқығын қорғау болды.

Өйткені Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салынған болатын.

Заң бұзушылықтың әрбір фактісіне дереу ықпал ету мақсатында құрылған шұғыл топтың міндеттері айқындалды.

Топтың құрамына Алмас Унаев (аудан прокурорының орынбасары), Малика Махауова («Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары), Руслан Мамбеталиев («Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры), Мереке Изтелеуов (аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы), Алтын Иманалиева (аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы) кірді.

Кәсіпкерлер өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Бауыржан Закиұлы

БҚО прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?