Жамбыл облысы Талас ауданында 2020 жылдың 28 қаңтарында сағат 10:30 ауа райының қолайсыздығына байланысты, 27-28 м/с екпінді қатты жел облыстық маңызы бар «Жаңатас-Қаратау» 0-70 км және «Жаңатас-Шымкент» 0-45 км учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Талас ауданы ТЖБ қызметкерлері Қаратау қаласы Жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, барлығы 7 адам және 2 бірлік автотехниканы тез арада осы учаскені патрульдеу үшін ұсынды. Бұл учаске аз болғанымен, өте күрделі. Қысқы ауа-райының қолайсыз күндері, қатты жел соққан кезде, мұнда көріну нөлге тең және кез-келген жолаушысы жолдан шығып, адасып кетуі мүмкін.

28 қаңтарда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қар құрсауында қалған адамдарға көмек көрсетті. Барлығы 12 жеңіл автокөлік шығарылып, Талас ауданы Қасқабұлақ ауылының маңында «Жаңатас-Қаратау» автожолында 30 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала.

Осыған байланысты департаменттің баспасөз қызметінің электрондық поштасына қар құрсауында қалған жеңіл автокөлік жүргізушісінің туысынан алғыс хат келіп түсті:

Жамбыл облысы Қаратау қ. ТЖМ және Мелдеев Алмазтың, Аукенов Серекалидің жеке өздеріне және олардың әріптестеріне, ауа райының қиын жағдайында адамдарды құтқару бойынша жедел жұмысы үшін үлкен рахмет. 28.01. 2020 жылы Қаратау-Жаңатас жолында автокөлікпен тұрып қалған менің бауырым Махамбетов Черкеске көмек көрсендеріңіз үшін үлкен рахмет айтамын.

Құрметпен Махамбетова Марал

Жамбыл облысы ТЖ департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?