Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Бүгінгі күнге алаяқтар тарапынан атаулы әлеуметтік көмек бойынша яғни, балаларға әлеуметтік көмек, кезексіз пәтер мен жер телімдерін сыйақы үшін алып беру алаяқтық деректер жиіленіп кетуіне байланысты Сіздерді абай болуларыңызды шақырамыз.
2019 жылдың өзінде Шымкент қаласының Қаратау ауданында 430 алаяқтық деректері тіркелді, оның ішінде 91 іс сотқа жолданса, 172 іс ашылмаған күйде мерзімдері үзілген.
Барлығы 100 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сіздердің назарларыңызды алдаудың тәсілдеріне аударғым келеді. Көбінесе алаяқтар атаулы әлеуметтік көмек және жылжымайтын мүлік саласында өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырады, ал алаяқтардың торына көбінесе жас аналар, медицина және білім саласының жұмысшылары түседі.
Бұл салада көбінесе көп балалы аналар, жас аналаржәне білім мен медицина саласының қызметкерлері алданады. Сол сияқты алаяқтардыхалыққа қызмет көрсету орталығы мен түрлі мемлекеттік мекемелер алдында өздерін делдал ретінде қызмет көрсететін адамдар ретінде таныстырып,қылмыстық қызмет көрсету түрлерін жалған құжаттарды жасау жолымен атқарады және көрсетеді.
Жуырда, Қаратау аудандық сотында халыққа қызмет көрсету орталығында балаларға жәрдем ақы жасап беретін танысым бар деп, 51 адамнан сенімдеріне қиянат жасау арқылы ақшаларын алаяқтық жолмен алған азаматшаға қатысты айыптау үкімі шықты. Қылмыстың осы түрінің салдарынан халыққа 105 млн.теңге мөлшерінде шығын келіп отыр, бұл ақша қаражаттар өздеріңіздің меншіктік жинақтарыңыз және олар алаяқтардың қалтасына түспеу керек.
Мемлекеттен жәрдем ақы алу рәсімі мен тәртібі ашық, сонымен қатар жосықсыз тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен қауіпсіз түрде мемлекетпен қорғалған.
Мемлекет көмекалаяқтар үшін емес, мұқтаж адамдар үшін арналған!
Сіздерді барынша мұқият болуларыңызды, күдік тудыратын тұлғалардың уәделеріне сенімшілдік танытпауға және өз қаражаттарыңыздың қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.
Қаратау ауданында жаңа шағын аудандар ашылып, пәтерлер беріле басталуына байланысты, халыққа қызмет көрсету орталықтарының басым бөлігі осы ауданда болғандықтан, алаяқтық қылмыспен күресу өзекті мәселерлердің бірі болып табылады.
Шымкент қаласы прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?