БҚО Орал қаласының прокуратурасымен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттайтын 8 сайт анықталды.

Бұл болса «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-бабының талаптарына қайшы.

Сайттардағы ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағында жариялануы заңсыз болғандықтан және оларды жабу үшін Орал қаласының прокуратурасымен сайттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берілді.

Азаматтық процестік кодекстің 54-бабына сай, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін прокурор сотқа арызбен жүгінуге құқылы.

2020 жылғы 27 қаңтарда прокурордың арызы қанағаттандырылып, сайттар заңсыз деп танылды.

Шешімнің орындалуы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бауыржан Закиұлы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?