Облыстың басполицейінің халық алдындағы есебі бойынша, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады.Бұл жолғы генерал-майордың есеп беру жиыны өзгеше бастау алды. Алғаш жиналған қауымға бұрынғыша баяндама емес, Түркістан облысының тәртіп сақшылары жыл бойы атқарған жұмыстары қамтылған қысқаша бейнеролик ұсынылды. Іс-шараға облысымызға қарасты ауыл-қалалардың тұрғындары, ақсақалдар алқасының мүшелері, ардагерлер, БАҚ-ның өкілдері қатысты. «Өткен жылы Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығы бойынша 33 қылмыстық топты құрықтап, 1000-нан астам малды өз иелеріне қайтарған», бүгін 28-ақпан күні Түркістан қаласы Қ.А.Я атындағы ХҚТУ-нің мәдениет сарайында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков халықпен есептік кездесуінде осылай деді. Кездесуге тыңғылықты дайындалған облыстың бас полицейі 2019 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Генерал-майор Қайрат Дәлбеков өз есептік баяндамасында полицейлердің қылмысты болдырмау мен алдын алуда атқарып жатқан еңбектерін жеке-жеке атап өтті. «Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жасалған жүйелі жұмыс нәтижесінде 2019 жылдың 12 айында тіркелген: құқықбұзушылық саны 25,7%-ға, қылмыстар 23,4%-ға, қылмыстық теріс қылықтар 39,3%-ға азайса, қарақшылық 27,6%-ға, тонау 37,9%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 31,7%-ға, пәтер ұрлықтары 7,4%-ға, мал ұрлығы 31,7%-ға төмендеген»-дейді генерал-майор Қ.Дәлбеков. Оған қоса, полицейлердің қарқынды жұмысы арқасында 2 миллионнан астам халқы бар Түркістан облысы, еліміз бойынша ең қылмысы аз облыстардың қатарында екендігін айтқан Қайрат Сұлтанбайұлының сөзіне, жиналған жұртшылық ыстық ықыластарын білдірді. Кездесуге соңына қарай тұрғындарға да сөз кезегі беріліп, түрлі мазмұнда сұрақтар қойылып, мәселелер көтерілді. Ақсақалдар облыс полицейлерінің жұмысына ризашылығын білдіріп, мал ұрлығын болдырмауда жұмысты күшейтсеңіздер деп пікір білдірді. Ал, билік пен халық арасында көпір болып жүрген тілші Ләззат Асанова: «Генерал мырза есебіңізге оң баға береміз. Иә, елдің тыныштығын қорғауда аянбай еңбек етіп жатқан полицейлер жетерлік. Бірақ, ювеналды полиция инспекторларының саны аз, соларды көбейтсеңіздер!»-деп өз ұсынысын білдірді. Ал, бас полицей бұл бойынша жұмыстар жасалып жатқанын, алдағы уақытта Түркістан облысы полицейлері 20%-ға көбейетінін жеткізді. Төлеген Парахат есімді облыс тұрғыны болса, 17 жылдан бері анасы ҚР Азаматтығын ала алмай сандалып жүргенін айтып, көмек беруін сұрады. Тұрғынның өтінішін жерде қалдырмаған Қайрат Сұлтанбайұлы тиісті басқармаға тапсырма беріп, аз уақытта мәселесі шешілетініне уәде берді. Генерал осы секілді көптеген мәселелерге тұщымды жауаптар беріп, жақсы деген баға алды. Тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзіне түртіп алды. Сөз соңында, ең бастысы халықпен ашық қарым-қатынас орнатып, қолжетімді болу үшін жұмыс жасап жүрген Қайрат Дәлбеков: «Облысымыздың қауіпсіздігі үшін күш біріктіруге, бір-бірімізді мүмкіндігінше қолдауға шақырамын»- деп, тұрғындарды бірлікте жұмыс жасауға шақырды. Және кез-келген азамат үшін есігінің ашық екенін, тіпті әлеуметтік желіде де тұрғындармен «Кері байланыс» орнату үшін жеке парақша ашқанын, барлығын өз бақылауында ұстайтынын айтып өтті.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?