Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері, Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Сарыағаштықтар » ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады, олар Сарыағаш қаласында орналасқан «Қапланбек» шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы Тәуелсіз Мемлекеттер Достағы елдерінің жүк тасымалы жүргізушілерінен посты арқылы өту үшін 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Өзбекстан Республикасына өтуден бас тартқан жағдайда, қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, жүк автокөліктерінің алдыңғы әйнектерін сындырып, дөңгелектерін тескен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты мекен-жайы бойынша ұстады. Барлығы 13 күдікті анықталып, олардың Түркістан облысының тұрғындары екені белгілі болды .
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда . Айғақты зат ретінде қару, пышақ және ақша тәркіленіп алынды.
Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?