Суретте Қажымұқан және оның жаңадан тапқан ағалары

Осыдан тұп-тура 2 апта бұрын яғни 2019 жылдың 28 қаңтары күні Жетісай ауданында өткен «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімдерінің семинары өткен болатын. Аталған шарадан қайтып келе жатқан төрт мұғалім жігіт ауыл ортасынан кесіп өтетін канал жағасында жанұшыра жүгіріп жүрген баланы көріп, көліктерін тоқтата сала көмекке жүгіреді. Өңірімізде мақталық алқаптар суғарылып жатқандықтан бетондалған канал бетімен бірдей болып, толып ағып жатады. Су бетінде ештеңе көрінбейді. Баланың айқайынан қасындағы 1 сынып оқушысы Әжіқұл Қажымұқанның суға түсіп кеткенін білген жігіттер бірі суға түсіп, бірі ағысқа қарай іздеп, әзер дегенде судың иірім жасап құбырға енетін жерінде ағараңдаған баланың киімін байқап қалады. Бәрі иірімді қолмен сүзіп, құбырдың ішіне жұтылып бара жатқан баланы құтқарып қалады. Біраз су жұтып үлгерген Қажымұқан ұзындығы он метрге жуық құбырға кіріп кеткенде құтқару мүмкін болмас еді. Алғашқы көмек көрсету жолдарын оқушыларға дәріс ретінде үйретіп жүрген мұғалімдер су жұтып, тұншығып қалған балаға көмек көрсетіп, тез есін жидырады. Су киімдерді шешіп тастап, өздерінің сырт киіміне баланы орап алып, көліктерімен үйіне жеткізеді.
Ол кезде қорыққанынан не болып жатқанына мән де бермеген Құттықыз анамыз немересін құшақтап жылап отырып, бір құдайдың сақтағанын ғана ойлады. Ертесіне болған оқиғаны Қажымұқан мен қасындағы балалардан естіп, білгеннен кейін ұлы Оразалыны шақырып, немересін құтқарған төрт жігітті тауып келуді тапсырды. 
№25 жалпы орта мектептің 1 «Ә» сынып оқушысы Әжіқұл Қажымұқан Оразалыұлын құтқарып қалғандар №25 жалпы орта мектептің мұғалімдері Айсариев Арман мен Атакуллаев Ислам, І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінен Үкібаев Мақсат, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінен Құлбатыров Есбол болатын.
Құттықыз анамыз қырағы ұстаздарды үйіне шақырып, төріне шығарып, алғысын жаудыра отырып, аналық ақ батасын берді. 
Әрине, өзгенің баласын өз баласындай қамқорлыққа алып, өнер-білім үйретіп, олардың жетістігіне бірге қуанып, қиын жағдайға душар болса қол ұшын беруге дайын тұратын ұстаздар қандай марапатқа болса да лайық.
Жетісай ауданы Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?