Шымкенттің орталығына ғана емес, сырт жақтарына да көңіл бөлсеңіздер ағалар…

Шымкент қаласының алып мөлтек аудандарының біріндегі коттежде туратын ерлізайыптыны, ағымдағы жылдың 6 ақпан күні түнделетіп өлтіріп кетеді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал байлар мекендеген алып мөлтек аудандағы адамдарды өмірін қорғай алмай қалса жарар, Бір үзім нанға мұқтаж жандарда табылып жатыр.

Әкім қағаздағы есептерге сүйеніп бәлкім білмегенде шығар Ағабектің отбасылық жағдайын.

Ал мектеп басшылығы мен мұғалімдері білмеген десе сенгім келмейді. Себебі баланың әлеуметтік жағдайы мен психологиялық көз қарасын бақылайтын психологтар да арнайы жұмыс жасауы керек қателеспесем. Ал 13 жасар бала, сабағынан соң темір теріп өткізіп отбасын асырап келгенін, басқа қала, облыстардан тіпті шет елдегі азаматтар естіп, көмек қолын созып үлгерді. Ал Қала әкімдігі тарапынан әлі үн қатқан ешкімді көрмедім өз басым.

Кеше жақында ғана Астанада болған оқиғаға министр аурып жатса да, қайғылы отбасыға барып көңіл айтып уақыт бөлді. Ал Шымкенттің шенділері мен әкімдігі тарапынан әрекет байқамадым. Әлде ол бала да бір қайғылы жағдайға ұшырау керек па еді?
Мүмкін әкім менсімбей жүр ме, бұл маған белгісіз. Белгілісі менің өз ойым ғана. Не бай, не кедейдің өмірі қорғалмай жатқанға ұқсайды.

«Аялдамалар адамдарға емес, есеп үшін» сынды ақпараттарына айтарым жоқ. Бейне жазбадан көре аласыз.

PS: Астана , Алматы, Актау , Атырау, Костанай сынды көптеген қалалардан қаражат жиналыпты, тіпті, Дубай , Саудовской Арабия , Израил , Корея, Германия ,Россия, Өзбекистан Республикаларынан 500 -1000 теңгеден бастап 100-300 ақш долларына дейін қаражат жиналып. Сабақтан кейін кедей кейпінде, көшеде темір жинап отбасын асыраған Ағабекке қол созылып көмек ке келген мейрімді бауырлар баспана сыйға тартқан болатын

Сардар Әбдіжақыия
Шымкент қаласы.
Бейне жазба otyrar.kz сайтынан жүктеп алынды

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?