«Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясына Талдықорғандағы дәріхана иелері де өз үлесін қосуда.

Мейірімді жандар соғыс ардагерлерінің үйіне барып қан қысымын өлшейтін құрал мен антисептикалық сұйықтықтарды тарту етті.

Ал тұрмысы төмен мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына медициналық бетпердені тегін таратты.

5 мың маска жұмыспен қамту орталығының мамандары бекіткен тізімдегілерге үлестірілді. Осындай қамқорлық арқылы белсенділер қоғамның ең әлжуаз тобын жұқпалы індеттен сақтандыруды көздеп отыр.

Бүгінгі күнге дейін «Біз біргеміз» жобасы аясында облыстағы 600-ден аса отбасыға әртүрлі көмек көрсетілген.

Алматы облысы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?