Түркістан облысы полицейлері заңсыз аң аулаудың жолын кесіп, болдырмау мақсатында және «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен аң-құстардың жойылмауы үшін ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Осындай кезекті рейд барысында Созақ АПБ-нің табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Жомарт Атабаев «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сақтағандарды анықтады. Нақтырақ айтсақ, 28.03.2020 жылы «Қаратау» тауының «Борсылдақ» сайында екі азаматтың қару асынып жүргенін байқайды. Полицей мен қорықшыларды көрген азаматтар қашуға тырысқан. Дегенмен табиғатты қорғаушылар тез әрекет етіп, әлгі азаматтарды ұстайды. Алайда, олар асынған қаруларын жасырып үлгерген. Өз істерінің шеберлері, кәсіби мамандардың қырағылығы арқасында тау-тастың арасына жасырылған қарулар табылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Күдіктілерден айғақты зат ретінде ІІО тіркелмеген, заңсыз сақталған 2 атыс қаруы оқтарымен, аңшы пышағы анықталып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Тіркелмеген қару асынған азаматтар өз кінәларын толық мойындады. Бас шаралары «міндеттеме». Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тіркелмеген қаруды сақтамауды ескертеді. Кез-келген құқық бұзушылықтың соңында жауапкершілікке тартылатындарыңызды ұмытпаңыздар. Сондықтан заңға сәйкес әрекет жасауға кеңес береді.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?