Тергеу органдары кадрларды шынықтырып дайындайды, тергеуде жұмыс істеу көпшілікке басқа құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің іргетасы бола алады. Тергеу жұмысын ұйымдастыруда қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, шеберлігіне, тергеуді білімді және кәсіби ұйымдастыруына ерекше көңіл бөлінеді.
«Полицияда тергеушінің лауазымы – ол ең қиын және жауапты мамандық, өйткені қылмыстың ашылуы осы қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Олар учаскелік полицейлердің, жедел уәкілдерінің қылмыстарды ашу еңбектеріне нүкте қояды», –дейді Ляйля Кенжегарина.
Ол бүгін де Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары әрі тергеу бөлімшесін басқарады.
2018 жылғы қыркүйек айында осы лауазымға тағайындалған, оның жетекшілігінде 2-кі тергеуші қызмет атқаруда және қылмыстарды ашып қызмет етуде. Олар тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция майоры Маханбетов Нұрлан Қасқыртайұлы және тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция майоры Золотаренко Евгений Павлович.
Ляйля Болатқызы тергеусаласында 25 жыл бойы қызмет атқаруда. Ол өзінің білім-біліктілігінің арқасында қатардағы тергеушіден Қостанай станциясындағы ЖПб бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.
Тергеушінің ең басты қасиеті адамға ойын айтып және оны тыңдау болып табылады, яғни жәбірленуші мен сезікті арасында психологиялық байланыс орнату, — дейді Ляйля Болатқызы.
Қызмет өткеру кезеңінде ол өзін орындаушы, еңбекқор қызметкер ретінде көрсете білді. Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін жоғарлатып отырады, өз уақытымен санаспайды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ҚР ІІМ-нің марапаттаулары мен алғыс хаттары бар. Бүгінде Ляйля Болатқызы мол тәжірибесін ЖПб Тб қызметкерлерімен бөлісіп отырады.
Қазіргі уақытта Қостанай станциясындағы ЖПб тергеу бөлімшесімен ҚР Қылмыстық кодексінің ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.
Кәсіби мереке қарсанында барлық әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасылық береке және жұмыста сәттілік тілеймін.

Жұлдыз Ағатаева,
Қостанай ст. ЖПб

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?