Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспа өз қызметі хабарлады. Әлеуметтік желілерде мессенджер-ватцап арқылы «Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр» деген бейнежазба таралған болатын.

Аталған жайт бойынша Жетісай аудандық полицейлері тез арада тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар айқындалды.

Осы дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, тойхананың егесі мен той жасаушы тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ескертеді: ҚР Президентінің қаулысымен бекітілген төтенше жағдай режимін сақтаңыздар. Қажетті қауіпсіздік шараларын ұстаныңыздар. Әсіресе адам көп шоғырланатын орындарға бармай, адамдар тобының топтасуына жол бермеңіздер. Егерде аталған шектеулер мен тыйым салынған жағдайлар сақталмай, құқықбұзушылық орын алса заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатын боласыздар! Сондықтан сақ болыңыздар, бірінші кезекте бұл сіздің денсаулығыңыздың кепілі болмақ.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?