2020 жылғы 2 сәуірде коронавирустық инфекцияның шығуына байланысты Орал қаласы ТЖБ қызметкерлері хабарлау автомобилінің көмегімен Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ БҚО аудандарын төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары және карантин кезіндегі тәртіп бұзушылықтың жауапкершілігі туралы хабардар етті.
Біздің мақсатымыз – инфекцияның таралуын болдырмау. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағатқа жуық өмір сүруге қабілетті, ал 48 сағат бетінде әуе-тамшылары арқылы жұғу қаупі жоғары.
Құрметті БҚО азаматтары есіңізде болсын:
— Қоғамдық орындарға: сауда орталықтарына, спорттық және ойын-сауық іс-шараларына барудан, көлік санының шарықтау шегі кезіне тап болудан бас тартыңыз.
— Қоғамдық орындарда бір рет қолданылатын медициналық маска (респиратор) қолданыңыз, оны әр 2-3 сағат сайын өзгертіңіз.
— ЖРВЖ белгілері (жөтел, түшу, мұрыннан бөлініп шығу) бар адамдармен жақын қарым-қатынаста болудан және бір бөлмеде болудан аулақ болыңыз.
— Көшеден келген соң, бөтен адамдармен қарым-қатынастан соң қолды сабынмен және сумен мұқият жуыңыз.
— Гаджеттерді, оргтехниканы және заттардың жанасатын беттерін дезинфекциялаңыз.
— Мүмкіндігінше сәлемдесу кезінде құшақтау мен қол алысуды шектеңіз.
— Жеке гигиенаның жеке заттарын (сүлгі, тіс щеткасы) ғана пайдаланыңыз.

Барлықтарыңызды аталған ережелерді және өз қауіпсіздігіңізді сақтауға шақырамыз!

​​​БҚО ТЖД

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?