Карантин режиміне үйден шығуға тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне/дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат. Шектеу шаралары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының таралуын азайту үшін қабылданды.
⠀
«Біз инфекцияны жұқтырғандармен жұмыс істейміз және оларға көмек көрсетеміз. Сауығып шыққан әрбір науқас үшін қуанамыз. Наразылығымызды тудыратыны, үйден шығуға тыйым салынғанына қарамастан аулада балаларымен серуендеп жүретін ата — аналар. Сіз не ойлайсыз? Егер сіз өз денсаулығыңыз туралы уайымдамасаңыз, неге балаларыңыздың денсаулығын ойламайсыз? Кішкентай балалардың иммунитеті әлсіз. Ауруханаға түсу қаупі әбден бар», — деп атап өтті дәрігерлер.
⠀
2 сәуір күні карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 60-тан астам адам тартылды: 15 адамға айыппұл салынды, сотқа 26 іс жіберілді. ТЖ және карантин режимі кезінде барлығы 560 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 100-ден астамы-қаланың блокпосттары арқылы кіру/шығу тәртібін бұзғаны үшін.
⠀
Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарылып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдайды дрон арқылы қадағалап жатыр. Елорда аумағы көше шекаралары бойынша шаршыға бөлінген. Әрбір шаршы алаңында тәртіп сақшылары жағдайды қадағалап жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі