Шымкент қаласында халық шоғарланатын жерлер залалсыздандырылып, шектеу күшейтілді. Қалада тұрғындардың көшеде маскасыз жүруіне тыйым салынған.

Шымкенттегі көшелер мен орталық алаңдар, балалардың ойын алаңшалары, сауда алаңдарының аумақтары, көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулалар күнделікті дезинфекциялық режимге көшірілген.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы «Отырар» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетсек, кеше аталған аудан аумағында залалсыздандыру жұмыстары А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жасалды.

Бұл жұмысты су бүркитін автокөлік және арнайы киім киген жаяу жүргінші топ атқарып жатыр. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?