Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.К. Бөлекбаев және ТЖ департаментінің бастығы И.Д. Күлшімбаев Бұқар жырау, Нұра және Абай аудандарынан өтетін Нұра өзені арнасын әуеден шолу жасап, Сасықкөл көлін және Ащысу, Самарқанд, Ынтымақ, Жартас және Шерубай-Нұра су қоймаларын қарап шықты.

Қазіргі уақытта облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Елді мекендер ішіндегі, сондай-ақ автомобиль жолдарында алдын алу іс-шаралары мен инженерлік жұмыстар облыс аумағында су тасқыны кезеңінен өту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Тұрғын үйлер мен объектілерді су басу қаупі мен жағдайлары жоқ.

Ағынның ұлғаюына байланысты негізгі су қоймаларынан су ағызуы мынадай көлемде жүзеге асырылады: Самарқанд су қоймасынан — 155 м3/сек, Ынтымақ су қоймасынан — 200 м3/сек. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағызу 28 м3/сек құрайды. Су қоймаларында тасқын суларды қабылдау және апатсыз өткізу үшін бос көлемдер бар.

Космомониторинг мәліметтері бойынша қар жамылғысының ауданы негізінен Осакаров солтүстігінде, сондай-ақ Нұра және Бұқар Жырау аудандарының жоғарғы жағында 10% — дан кем.

Наурыз айында облыс өзендерінде мұз кептелісін болдырмау мақсатында мұз жару жұмыстары су айдындарының 17 учаскесінде жүргізілді. Жарылыс жұмыстары Қарқаралы ауданындағы Жарлы өзенінде, Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзенінде, Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзенінде, Нұра ауданындағы Жаман Қон және Құланөтпес өзендерінде, сондай-ақ Қарасор көлінде жүргізілді.

Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінің белсенді кезеңі басталғанға дейін еріген суларды кедергісіз өткізу үшін су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша іс-шаралар өткізілді. Облыста барлығы автомобиль және темір жолдардағы 4900-ге жуық су өткізу құрылыстары тазартылды.

Облыстың елді мекендерінде қар шығару, арықтарды, каналдарды тазалау, су бұру траншеяларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлығы 2 млн. 855 мың текше метр қар шығарылды.

2019 жылдың жаз-күзгі кезеңдерінде облыс бойынша 47 км қорғаныс бөгеттері мен дуалдары тұрғызылды және нығайтылды, 11 км өзен арналарында инженерлік іс-шаралар өткізілді, 12 км су бұру арналарының құрылысы мен жөнделуі жүргізілді, автожолдардың 24 учаскесінде су өткізу құбырлары орнатылды. Гидротехникалық құрылыстарда жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 2015-2019 жылдар ішінде облыста 190 км қорғау дуалдары құрылды, 140 елді мекеннің аймақтарында 62 км өзен арнасында инженерлік іс-шаралар жүргізілген.

Жалпы, су тасқыны процестері ерекше бақылауда тұр.

Қажетті арнайы техника мен жабдықтармен күшейтілген ТЖД күштері мен құралдарының алты жиынтық тобы тұрақты дайындықта.

Қарағанды облысы ТЖД

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?