Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін «Еріктілер» осынау дүние жүзін дүрліктірген індет таралған уақытта да қалыс қалмауда. Қолдарынан келгенше жақсылық жасап жарысуда. Біреулері тұрғындарға қорғаныш бетпердесін тегін таратып жатса, келесілері күшейтілген режимде блок-посттарда қызмет жасап жатқан полицейлер мен медицина қызметкерлеріне ас-ауқаттарын жеткізіп, құптарлық іс атқаруда. Оған дәлел ретінде Бәйдібек аудандық еріктілерін атап өтуге болады. Еріктілер осы өңірдегі «Борлысай», «Екпінді», «Түйетас» санитарлық бекеттеріндегі қызметкерлерге «Сіздерге мың алғыс» деген жүрекжарды лебіздерін тәтті тоқаш бетіне жаздырып тосынсый жасап, ыстық тамақтар жеткізіп берді. Еріктілер – осындай жаны таза адамдар. Олар — елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметке лайық. Еріктілердің барлық салада өзіндік қолтаңбасы бар. Тіптен, Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлеріне көмектесіп, өз үлестерін қосуға 50-ге тарта еріктілер жұмылдырылған. Төтенше жағдай енгізілгелі бері

Түркістан облысында аталған еріктілердің көмегімен 13 құқықбұзушылық анықталып, олар заңға сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен «Төтенше жағдай режимін бұзу» тіркеліп, хаттама толтырылған. Мысалы, Түркістан қаласындағы кафелердің бірінде «құдалық, тәтті шай» жасаған азаматты анықтап, оған Түркістан қалалық сотымен 26 мың 510 теңге айыппұл салынған. Оған қоса, тағы бір кафеде туған күн жасаған азамат анықталып, ол 5 тәулікке қамауға алынған. Мұның барлығында еріктілерге полицейлер көмектескен.

Жандары жақсылықты қалаған белсенді жастар осылайша, ауыз толтырып айиарлықтай әрекеттер жасауда. Ерікті болу – ерлікпен тең десек, аталған азаматтардың қоғам үшін атқарып жатқан ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Кез келген тұрғынның жүрегінде жалын, бойында елім деген қаны қайнаса, белсенді өмір сүруді дағдыға айналдырса, біз алынбайтын қамал жоқ. Біз біргеміз!

Түркістан облысы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?