Медицина қызметкерлерін Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақүйлерге орналастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Фтизиопульмонология орталығының медицина қызметкерлері ең беделді қонақүйлердің бірі – Hilton-ға орналасты.

«Қазір мұнда біздің қызметкерлеріміз – дәрігер, медбике, санитар, барлығы 350 адам тұрады. Қонақүй ұсынған нөмірлер өте жайлы. Жайлы демалыс үшін барлығы бар. Бізге күніне үш мезгіл тамақ беріледі. Инфекциялық бақылау канондарына сәйкес барлық ережелер сақталған. Ол үшін әртүрлі залдарда тамақтану қарастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер әртүрлі автобустармен қатынайды. Мемлекетіміз бізді ұмытпай, қамқорлық танытқанына қуаныштымын. Менің ойымша, біз бірлесіп вирусты жеңіп шыға аламыз»,– дейді «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» директорының орынбасары Салтанат Сейтенова.

Өз кезегінде дәрігер Гүлден Шаяхметова қамқорлық танытқандарға әріптестерінің атынан алғыс білдірді.

«Мемлекет басшысы мен Елбасының бізге, медицина қызметкерлеріне осындай қамқорлығы үшін алғыс білдіреміз. Бізге өмір сүруге, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалды. Туыстарымызға жұқтырамыз деп қорықпай, жанымыз тыншып, алаңсыз жұмыс істеп жатырмыз», – дейді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша, инфекциямен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерінің тұрғын үй, көлік, тамақ мәселелері өз шешімін тапты. Бұған дейін дәрігерлердің бір тобы «Дипломат», «Думан» қонақүйлеріне орналасқан болатын.

Елорда әкімдігі қонақүй құрылтайшылары мен ұжымына бiлдiрген осынау қолдаулары үшін алғыс білдіреді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?