Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен пайда болды. Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кірісерден бұрын осы тоннель арқылы өтетін болады.

«Қондырғы бу генераторларының көмегімен жұмыс істейді. Дезинфекциялау құралдары бар бу шығаратын арнайы моторлар бар. Бұл кешен арқылы өту киімнің бар қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыны медицина қызметкерлері күніне екі рет – жұмысқа шыққанда және ауысым аяқталған соң пайдаланады. Науқастарда осы кешен арқылы өте алады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков.

Сонымен қатар, жақын арада басқа медицина мекемелерінде және адам көп жиналатын орындарда осындай дезинфекциялық тоннельдер орнатылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?