Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысында биылғы жылы жалпы көлемі 219 764 м2 болатын 2 094 пәтерлік 93 коммерциялық және несиелік тұрғын үй салу жоспарланған. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 82 089 шаршы мертлік 1094 пәтер беріледі. Оның 17-сі – Алакөл ауданында, 120-сы — Іле, 169-ы – Қарасай, 25-і — Көксу, 562-сі – Талғар ауданында, 93-і Қапшағайда, 108-і Талдықорғанда іске қосылады. Сонымен қатар 2019 жылы Алматы облысында 894,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздерін еспке алғанда тағы 938,8 мың м2 тұрғын үй салынатынын атап өтуге болады.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, коммерциялық үйлердің құрылысы облыстың барлық аудан, қалаларында жүргізіледі.

Мәселен, Алакөл ауданында жалпы алаңы 1190 м2 17 үй салынады. Қазіргі кезде тұрғын үй құрылыстарының жұмысы 80% аяқталған, құрылыс мекемесі үйлерді өздері сатуды жоспарлап отыр, инженерлік желілер құрылыс мекемесінің өз қаражатына салынды.

Іле ауданында жалпы алаңы 5280 м2 30 пәтерлік 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның біреуі салынып бітті. Сол сияқты «Гранит» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүруде – бұл жалпы алаңы 8020 м2 125 пәтерлік 3 үй.

Биылғы жылдың 3-ші тоқсанында Қарасай ауданындағы «Қарлығаш» ТК-да жалпы алаңы 6758 м2 64 пәтерлік 2 тұрғын үй салу жоспарланған. Атап өтсек, бұл тұрғын үй кешені инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен толықтай жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді.

Көксу ауданы да коммерциялық үй салу жағынан қалыспай келеді. Ауданда мамыр айында алаңы 700 м2 10 тұрғын үй іске қосылады. Бұл үйлердің инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге арналған қаржыны құрылысты жүргізуші мекеме өз қаражатынан шығарған. Сол сияқты Балпық би ауылында наурыздың басында 30 пәтерлік тұрғын үй іске қосылды. Басқа бос пәтерлерді сату жалғасуда.

Талғар ауданының тұрғындары да 1059 жаңа пәтерге иелік ете алады. Соның ішінде биылғы жылы «Арман Тау» тұрғын үй кешеніндегі жалпы алаңы 13912 м2 болатын 234 пәтелік 2 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Тағы 106 жаңа пәтер Қапшағай қаласында беріледі. Мұнда «Теңіз Тауэрс» тұрғын үй кешенінде екі 3 қабатты және бір 5 қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Нысанның іске қосылу мерзімі – 2020 жылдың 3-ші тоқсаны.

Тұрғын үй құрылысы облыс орталығында да қарқынды жүреді. Мәселен, Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс ауданында 125 пәтерлік екі 5 қабатты тұрғын үй салу жұмыстары жүріп жатыр. Оның 50 пәтерін биылғы жылғы мамырда, тағы 75-ін қарашада беру жоспарланған. Олардың көшеішілік инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстарының ЖСҚ-сын дайындауға жергілікті бюджеттен 39,0 млн.теңге қарастырылған. Сонымен қатар алаңы 2800 шаршы метрлік 40 пәтерлік 1 үйдің құрылысы бітті.

Атап өтсек, Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020-2022 жылдардағы тұрғын үй массивін дамыту жоспарына жалпы алаңы 31,5 млн. м2 болатын 120 554 пәтерлік 43 массив енгізілген.


Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?