Кешеден бері әлеуметтік желілерде, медицина қызметкерлерінің жанайқайы жарияланып жатыр. Жамбыл облысында короновирус жұқтырған медицина қызметкерінің айтқандары, (әлеуметтік желіде жариялаған ақпараттары) бойынша арнайы тексеру басталып тиісты басшылары жұмыстан босатылып та үлгерді. Алайда Ақтөбеделік дәрігерлер де айтарын айтып, ол жағдайды телеарналарнадан көрсетіп те жатыр. Жамбыл облысында екінші медицина қызметкері де үн қатып, медицина қызметкерлерінің ахуалын бажайлады.
Ал енді келіп, Атырау облысындағы түсірілген бейнежазбадағы медицина қызметкерлерінің шағымдырын тыңдауға барған журналистерді, полиция қызметкерлері көліктеріне отырғызып алып кеткені тым артық болар?
Елбасының 100 нақты қадамының, 94 қадамында, «Ашық үкіметті» енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді- деп әзілдемеген шығар?
Ал ҚР БАҚ туралы заңының 5-тарауы, Журналистің құқықтары мен міндеттері 20-бабында журналистiң,

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
Толығырақ: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000451_

Енді ҚР ҚК-нің 158-159 баптарында Журналитің жұмысына кедергі келтіргендер, қылмыстық жауапқа тартылатыны жазылған. Толығырақ: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226
Бұл аталған заңдар өз күшінде болмаса, онда заңның бізге қажеті қанша?
Құқықын талап еткен, демократиялық елде өмір сүріп жатқан адамдар аузын ашса, жауапқа тартылса, журналисті келіп жұмысын жасаса, кедергі болса, онда мемлекетімізде журналистика мен демократияның не керегі бар айтыңыздаршы, ақиқатты жасырып, цензураға жол беру үшін бе?
Дәрігерлер бекерге шырылдамайтын шығар?
Мемлекетіміз президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, күні-түні тынымсыз жұмыс жасап, елі үшін алаңдауда. Қанша ма қаражаттар бөліп, халықтың жағдайын барынша жасап жатқаны жалған емес. Мемлекеттен бөлек, қаншама кәсіпкер аға-әпкелерімізде, індет пен күресуге қыруар қаржы ажыратып жатыр. Сол қаржылар қайда кетіп жатыр, егер бір медицина қызметкері қарапайым бетпердеге (маска) ға қол жеткізе алмаса?
Қытай Халық Республикасынан қаншама гуманитарлық көмек алып жатырмыз, олар қайда?
Қауіпті індет тарағанда, халқын арзан туратын бетпеперде (маска) тауып бере алмаған мемлекет, қандай мемлекет деген ой жүрегімді қажам болды.
Біз Біргеміз- деп хештегтеп, челленджтеп, естафеталап жатқанның қажеті қанша егер мемлекетіміздегі басшылар халық пен бірге болмаса?
Өз өмірлерін қаіпке тігіп,өлім мен бет-пе бет жұмыс жасап жүрген дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне жағдай жасалсын ең болмағанда!? Жұмысын жасап жүрген журналистерге тиіспеңіздер!?
Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?