Оразаларыңыз қабыл болсын құрметті жамағат. Менің әкем Павлодар қаласы Мира көшесі 54/1 үйінде турады. Бұл үй 2 жұма бұрын карантинге жабылған. 5 қабатты үлкен жатақхана (общага), подъезд есігіне сыртынан құлып орнатып, блокпост қойылды. Ағымдағы жылдың 24.04. яғни жұма күні қан қысымы жоғарылап,басы айналған соң көршілері жедел жардем шақырыпты. Жедел жардем келгенде қан қысымын тексеріп, бір екпе (укол) жасап кетіп қалған. 25.04. 2020ж. Күндиз шамамен сағат 11:30 маған көршілері қонырау шалып әкемнің іс–түссіз ,хабарсыз өз бөлмесінен шыкпағанын хабарлады. Мен өзім Аксу қаласында тұрамын. Блокпосттан өте алмаган соң Павлодар қаласында тұратын дос балаға хабарласып,оны жібердім. Ол сол мекен жайға саг 12:40 жеткең соң ТЖМ–ге қоңырау шалып құтқарушыларды шақырды. Себебі пәтердің темир есігі ішінен жабық болды. Кұткарушылар шамамен сағат 14:00 келді, бірақ әкімшіліктін рұқсатысыз бұл үйге кіре алмайтынын айтып сол уйдін манында тұрды. Сағат 16:00 де әкімшілік рұқсат берген соң бірақ барып есікті 5минут ішінде ашты. Жедел жәрдем 50 минуттан соң келді. Әкем сол күні таңертен кең инсульт (обширный инсульт) болыпты және кұлап, басымен батарейкаға соғылып көп қан жоғалтқан. Қазіргі жағдайы өте нашар, комада жатыр. Бұл жағдайға қарағанда бірнеше сұрақ пайда болады:

  1. Неге дәрігерлер –Мы по факту выезжаем,–деп жанында тұрған БСМП ауруханасынан 50 мин жүреді?
  2. Мына жақта кісі өлім аузында жатқанда әкімшіліктен қандай рұқсат қажет?

Президенттің 27.04 болған үндеуінде ол «әр азаматтын өмірі біз үшін қымбат »деген. Жай адамдардың өмірін олар мүлдем ойламайтынына көзім жетті. Ауруханаға барып келдім, маңына да жолатпайды. Тым болмаса есіктін сыртынан бір көзбен көруге де рұқсат етпейді. Жай адам болған соң қолымыздан түк келмейді. Тек қана Алладан шипасын тілеп отырамыз. https://www.facebook.com/100011737029722/videos/1080612892339935/

Берик Омархан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?