Алматыда тергеумен қамауға алынғанның қайтыс болуы бойынша ақпарат берді ҚР Бас прокуратурасы басыпасөз қызметі

Бүгін, а.ж. жылдың 29 сәуірі күні, таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында тергеумен қамауға алынған Кибаев Бекбол Мухамедович камерада бірге отырғандармен сол жақ қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылған.Оған изолятордың медициналық қызметкерлерімен бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілген, алайда оны құтқарып қалуға мүмкіндік болмаған.Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасымен оның қайтыс болғаны тіркелген. Өлімнің алдын ала себебі қаның көп жоғалтуы болуы мүмкін.Кибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған болатын.Оның қайтыс болу фактісі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Орын алған жағдай бойынша барлық мән-жайлар объективті зерттеліп, жұртшылыққа жеткізілетін болады.

ҚР Бас прокуратурасы. Нұр-Сұлтан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?