Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабқа өтініштерді тек ресми арналарға келесі тәсілдермен жіберуге болады:

1. ccc@astana.kz
2. Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz
3. Telegram чат-бот (t.me/nursultanikomek109_bot);
4. Ikomek109 (PlayMarket / AppStore) мобильдік қосымшасы;
5. Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильдік қосымшасы.

Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша — 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады.

Жеке мәселелер (жерлеу рәсімі, емдеу және т.б.) бойынша карантин аумағында тұрып жатқан азаматтар өтініш бере алады. Онда өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш беру себебі, тұлғанының жеке басын куәландыратын құжаттар және кері байланыс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Басқа email, телефон нөмірлері жарамсыз саналады! Чаттарда жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарындағы ресми хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?