Өскемен әуежайына эвакуациялық рейс келді. Мемлекеттік комиссиясының шешімімен Тайланд, Индонезия және Вьетнамнан арнайы рейс ұйымдастырылып, 180 адам оралды. Олардың ішінде отандастарымыз мен көрші Ресей, Қырғызстан азаматтары да бар.

Ұшу алдында олар толық медициналық тексеруден өтті. Ұшақ қонғаннан кейін дәрігерлер борт ішінде экипажбен бірге барлығын тағы бір мәрте қайта тексерді. Covid-19 белгілері анықталған жоқ. Жолаушылармен сақтық шаралары жүргізіліп, жаңа маскалар берілді. Жүктің барлық түрі толық дезинфекциядан өтті.

Ресей азаматтары әуежайдан полиция және консулд өкілдерімен бірге ешбір жерге тоқтамай дереу өз елдеріне аттанды. «Уба» шекара бекетінде ресейлік автобустарға отырады.

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары карантиндік стационарға жеткізілді. Онда полиция бекеттері орнатылған, санитарлық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді. Барлығы ПЦР әдісімен коронавирусқа анализ тапсырады.

Ұшақ пен экипаж дезинфекциялаудан өткеннен кейін Өскемен әуежайынан ұшып кетті.

Даниал Ахметов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?