Жауын-шашынсыз ауа-райы табиғи өрттердің туындауына және қысқа мерзімде оттың таралуына ықпал етеді.

Тек өткен 3 күннің ішінде Қарағанды облысының аумағында 60 га жуық құрғақ шөп өртенді.

17 сәуірде Абай ауданында Жартас ауылынан батысқа қарай 3 шақырым жерде 5 га аумақта құрғақ шөп жанды. Өрт ТЖД бөлімшелерінің күштерімен жойылды.

18 сәуірде Қарқаралы ауданында Қаршығалы ауылдық округінде 15 га алқапта құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруше ТЖД бөлімшелері мен ерікті өтке қарсы құрамалардың күштері жұмылдырылды.

Қарқаралы ауданында тағы бір дала жануы 19 сәуірде болды. Тегісшілдік ауылдық округінде 30 га алқапта құрғақ шөп өртенді. ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері және ерікті өртке қарсы құрамалардың күшімен өрт 20 сәуірде сағат 02:30-да сөндірілді.

19 сәуірде Теміртау қ. маңында Самарқанд су қоймасының жаныңда жалпы ауданы 10 га құрғақ шөп пен қамыс жанған. Өрт ТЖД күштерімен жойылды.

Табиғи өрттерді сөндіру — күрделі процесс. Өрт жиі техника өтпейтін жерлерде болып тұрады. Өрт сөндірушілер бірнеше шақырым жолсыздықпен суға бару мәжбүр. Табиғи өрттерді сөндіру көбінесе жаяу жүріспен жүргізіледі.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Жылдың құрғақ мезгілінде ормандар мен далаларда отпен жұмыс істеу кезінде ерекше сақ болу керек.

Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз, сөндірілмеген алау, сондай-ақ сынған шыны қалдырмаңыз.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде ұшқын сөндіргіші бар техниканы пайдалану қажет.

Қарағанды облысы ТЖД

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?