«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-БАС түтінтартқы шатырының өртенуіне қатысты Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті «Арселор Миттал Теміртау АҚ ДК хабарламасына қарағанда, 2020 жылғы 21 сəуірде 18-25 сағатта «АрселорМитталТеміртау» АҚ ЖЭО-БАС-та түтінтартқы бөлімінің шатыры өртенгенін хабарлады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Өрттің шығу себебі, ЖЭО-БАС стансасының шатырындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары кезінде орын алуы мүмкін. 18-45 сағатта өрт ауыздықталды. Түтін сейіліп, құрал-жабдық, техника, адам зардап шекпегені анықталды. Өрт сөндіруді жеңілдету үшін 7-қазандық тоқтатылды. Қазіргі мезетте станса қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Бұдан басқа, «Қазгидромет» РМК деректеріне қарағанда, өртенген жерге жақын маңда орналасқан 2 нөмірлі күзету бекетінің (Фурманов көшесі, 5) деректеріне қарағанда, өрт шыққан сəттен бері, 18-45 сағатта концентрация H2S-3,0 мкг/м3, РМ-2,5 — 195мкг/м3 жəне SO2- 233 мкг/м3, PM-196 мкг/м3-ке жоғарылағаны байқалады. Өрт шыққан жерге Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау мамандары жеткізіліп, санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сынамасы алынды. Оның нəтижесі туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?