Құрғақ және ыстық ауа райы табиғи өрттердің туындауына ықпал етеді. Өрт қауіпті кезең енді ғана басталса да, Қарағанды облысында 19 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.

Даладағы құрғақ шөптің жануы Абай, Қарқаралы, Ақтоғай, Бұқар жырау және Нұра аудандарында тіркелген. Дала жануының ауданы 1,5 тен 30 га дейін.

Тек өткен тәулікте құрғақ шөптің 3 жану фактісі тіркелді.

Бұқар жырау ауданында дала өртінің екі оқиғасы орын алды: Заречное ауылынан 5 шақырым жерде 1,5 га жерде жану орын алды, Құрылыс ауылынан 6 шақырым жерде өрт алаңы 5 га құрады. Өрт ТЖ депратментінің күштерімен жойылды.

Нұра ауданында Ахмет ауылынан 10 шақырым жерде ауданы 4 га болатын дала жануы ерікті өртке қарсы құралымдардың күшімен жойылды.

Табиғи өрттердің негізгі себебі адам болып табылады. Тасталған темекі қалдықтары, сіріңке, сынған шыны, алаулар және қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау өртке әкеледі.

Өрт пен жанудың табиғи себептері найзағай разрядтары болып табылады.

Табиғи өрттер қашықтықтықта пайда болуынан кеш анықталады және тез дамиды. Олар адам өміріне, экологияға, жан-жануралар мен өсімдіктерге қауіп төндіреді.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске саламыз.

Табиғатта болу кезінде өте мұқият болу керек: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамау, сөндірілмеген алауларды, сондай-ақ сынған шыны қалдырмау керек.

Далалық жұмыстарға тартылатын тұлғаларға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс.

Далалық жұмыстарға тартылатын техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет.

Дала өрттерінің орман аймағына, сондай-ақ елді мекендерге өтуіне жол бермеу мақсатында жерді жырту қажет.

Қарағанды облысы ТЖД

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?