«TRUE CONF» мобильдік қосымшаны қолдану арқылы азаматтық іс қаралып,медиациялық келісім бекітілді-деп, хабарлайды Атырау Жылыой аудандық соты.

Жылыой аудандық сотында «True Conf» мобильдік қосымшаны қолдану арқылы талап қоюшы Д-ның жауапкер М-мен араларындағы заңды некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Д. талап арызында жауапкер М-мен 2017 жылдан бері заңды некеде екенін, ортақ некеден кәмелет жасына толмаған бір баласы бар екенін, отбасында түсініспеушіліктер көп болатынын, татуласуға мүмкіндік жоқ екенін, мінездері келіспейтіндігін, сондықтан талабын қанағаттандыруды сұраған.

Сот отырысында судья медиатор медиация тәртібін түсіндірудің нәтижесінде, тараптар татуласып медиациялық келісім бекітілді.

Келісімге сәйкес талап қоюшы талабынан бас тартты және алдағы уақытта ерлі-зайыптылар ретінде жақсы қарым-қатынаста болуды, отбасындағы дауды бірлесіп шешуге,балаларынаьәрбие беруге міндеттенді.

Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?