Жамбыл облысының соттарымен қолданыстағы судьялардың арасынан тағайындалған, қабылдау сатысында немесе қарау сатысында талап арыздарды шешуге бағытталған татуластырушы судьялардың белсенді жұмыстары соттың талқылауынсыз жалғасуда. Облыстың негізгі соттарының бірінде, Тараз қалалық сотында да өзінің судья-татуластырушысы Ж.Абаева бар, ол азаматтық істердің жалпы санынан басқа, тараптармен істі бейбіт түрде аяқтау мүмкіндігін түсіндіретін ақпараттық пікірталастар өткізеді.
Карантин кезінде аймақтық соттарына келіп түскен талап арыздар азайған жоқ, соған байланысты судьялар мобильді бейнеконференцбайланыс (МБКБ) арқылы онлайн режимінде әңгімелесулер мен сот ісін жүргізуге мәжбүр болуда. Үш жұмыс күн ішінде судья-татуластырушы Ж.Абаева талап арыздарды қабылдау сатысында 6 түрлі азаматтық дауларды шешуге қол жеткізді. Оның ішінде 1 мұрагерлік дау, 2 дау неке-отбасы қатынастарына және 3 коммуналдық қызмет бойынша сотқа шағымданған. Әр жанжалдың өзіндік оқиғасы мен әр адамның проблемалық мәселелері болды. Бірақ бәрі бірдей татуласу шешіміне келді. Біреу жақынына шыдамдылық танытып, кешіруге күш тапса, ал біреу көзқарасын және болған жағдайды өзгертуге тырысты.
Талап қоюшылар «Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және «Тұрғын үй жөндеу — Тараз» ЖШС — не жауапкерлер қарызды төлеп, тараптардың жанжалдары әңгімелесу күні-ақ шешілді. Некені бұзу туралы талап арыздар татуласуға байланысты тараптардың өтініші бойынша қараусыз қалды. Туыстар арасындағы мұрагерлік дау да өз шешімін тапты. Талап қоюшы өзара келісіп, сот ісін қарау сатысында талап арызды кері қайтарып алды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?