Төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді- деп хабарлайды Түркістан облысы Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс елді мекені, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендеріне су басу қаупі туындап, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан «Мырзакент» мектеп гимназиясында 600 орын, «С.Рахымов» атындағы жалпы орта мектебінде 700 орын, «Пушкин» атындағы жалпы орта мектебінде 400 орын, «Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебінде 500 орын дайындалды. 6 автобус жұмылдырды.
Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асанов төрағалығымен 02 мамыр күні түнгі 00:00-де штаб мүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді. Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елді мекенінің тұрғындарын (1922 тұрғын) қауіпсіз жерге жаппай көшіру жүргізілуде.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?