Жаратқан қиыншылықты көтере алатындарға ғана береді- деп, үлкен ата-әжелерден ылғи естіп жататынмын.
Әлемге жайылып жатқан мына бір жұқпалы індет, Қазақ даласына да басын сұғып, біраз бауырларымызды өзі мен алып кетті. Мемлекет эканомикасына зиян келтірмей кетпесі анық. Себебі бір қаншама кәсіп орындар мен ірі және кіші бизнестерді тоқтауына септігін тигізді. Қазақ жерінде Түркістан облысының күші көп, қандай қиындыққа болса да төтеп береді- деді ме, мынау Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы ауыл шаруашылығы мен айналысатын диқандардың қырыққабат еккеніне өкіндірді. 250-300 тоннадай қырыққабат экспортсыз қалғаны оңай емес, қарапайым халықтың 1 жылдық жейтін нандары диқаншылықтың арқасында емес пе?
Бұл аздай, 1 мамыр күні, көрші Өзбектан мемлекетіндегі Сардоба су қоймасындағы судың тасып, Өзбекстанға жақын орналасқан Мақтаарал ауданындағы біраз ауылдарды су шәйіп, Ораза айында халықты біраз үрейге салып сынап алғандай. Бұлда бір Алланың жеңіл сынағы болса керек, қыс айында қақсатпағанына шүкір деймін. Алдағы күндеріміз енді Жаратушының құзыретінде. Апат айтпай келеді емес пе?
Қазіргі таңда індеттің де беті қайтып, тасқын судыңда қауіпі сейілді. Сабырға келейік, шүкір етейік, Алла, «сынауындағы сабырлыларын жақсы көріп, шүкір- дегендерге ризық-несібесін молынан береді»- дейтін. Қатты тұрған дауылдан кейін күн шығатыны анық ақиқат! Күн шығып, көгерер күндер жақын қалды Қазағым!
Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?