МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА СУ БАСУ ҚАУПІ БАР ЕЛДІМЕКЕНДЕР АЙНАЛАСЫНА БӨГЕТТЕР ТҰРҒЫЗЫЛУДА- деп хабарлайды, Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5, биіктігі 1,5 болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м. болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м. бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай елдімекенінің маңынан ұзындығы 800 м. болатын бөгет тұрғызылды.
Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінен 30 адам, жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, Полиция Департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?