Бұл жағдайды қалай түсінеміз Мұрат Әйтенов?

Түбіртек: Служба спасениеге 80 теңге

80 теңге төлемесең сені ешкім құтқармайтын көрінеді. Карантин кезінде көмек үшін, халыққа берген 42 500 теңге мен, комуналдық ақыларға берген 15 000 теңгені қайтып өндіріп алу мақсаты көзделді ме, әлде карантинде халықты қанау ма, құрметті Шымкент қаласының әкімі?
Шымкент қаласында комуналдық қызметтердің түбіртегіне 80 теңге қосымша жазылып жатқаны туралы, Гулжамал Мусаеваның фейсбук парақшасында жарияланды. https://www.facebook.com/photo.php?fbid=3049649795083456&set=a.808682679180190&type=3&theater
Ол туралы жазылған пікірлерді оқып жаға ұстадым. Пікірлер арасында 80 теңге түбіртектегі қызметтің жеке екенін жазған Shymkent Qalasynyn Tjd парақшасы, жаға ұстатқандай.
«Бұл қызмет жеке жұмыс жасайды. 112 телкфон нөміріне хабарласқан абоненттерге республика бойынша Бірың,ай құтқару қызметі тегін.
Ауа райы туралы дауылды алдын алу ескертулер Казгидрометтен келгенде ТЖ департаментінің бірыңғай кезекшілік қызметі және баспасөз қызметі арқылы таратылады. Сонымен қатар СМС хабарламаларды ұялы телефон операторлары, Дармен қосымшасы арқылы да қосымша таратылады»-деп, Shymkent Qalasynyn Tjd парақшасы пікір қалдырыпты. Сонда 80 теңге төлемесек ешкім тегін құтқармайды ма?
112 ден жолданған смс хабарламаларыңыздың ақысын өндіріп алу көзделген болар бәлкім?
Мысалы, мен өзіме, 112- нің смс хабарламасы керек емес.
Комуналдық қызметақыларының төлейтін түбіртегіне, Shymkent Qalasynyn Tjd парақшасының жазуынан, өзіме түйгенім, жеке адамдар, ақылы қызметтерін қосымша жолдайтын болған сияқты
Олай болса, Мұрат Айтенов!
Мен құбыр тазалайтын мекеме ашып, құбыр тазалауға шақыру алып қалған жағдайда, тегін тазарту үшін айына 80 емес, мейлі, 50 теңгеден түбіртекке қызмет ақымды еңгізуге рұқсат етіңіз?
Қайдан пайда болып жатқан қосымша қызметтер екенін енді кім айтады, өзіңіз түсіндіріп айтпасаңыз Мұрат Әйтенов?

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы, Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?