2020 жылы, Шымкемкент қаласы, ТМД елдерінің мәдени астанасына айналып арнайы атақ алғанын білеміз. Шымкенттің мәдениетімен де жақсы таныспыз. Тарихқа үңілсек, кітаптарға да, Қазақстандағы қасиетті мекендер мен таңғажайып жерлері туралы өте көп жазылған. Тарихы терең Шымшаһардың өзі киелі Сайрам массивімен-ақ жеткілікті жәдігерге толы, рұхани өңірі мен танымал болып тұр. Қалада қаншама мүсіндер орнатылған. Тіпті кітапханалардағы сөреден алынып тасталған КПСС, В.И. Лениннің және басқада саясаты дұрыс емес-деп танылған кітаптарын оқымауға тырыссақ, Ал Шымкентте қолын шошайтқан Лениннің мүсіні майшам секілді сөнер емес. Мәңгілік біз біргеміз дегендей, дегенін өмірден өтсе де дегізіп тұрған сияқты. Лениннің саясаты мұнда тұрсын, дүниеде тірі болмаса да, бейнесі басшыларды үрейін алып, өзіне жолатпайтындай қасетке ие көрінеді. Қаншама қоғам белсенділері мен журналистер көтерген мәселе болғанына қарамастан, Шымкент қаласы «Металлург» саябағында саялаған мүсін әзірге кетер емес. Мүмкін, Шымкент қаласы, Ленині мен ТМД елдерінің мәдени астанасына айналған болар? Ол маған қараңғы.
Енді тарихы терең, мәдени өлкенің өзінде бір қаншама мүсіндер орын тауып отырған да, енді неге Сталиннің де тарихын еске алып мүсінін орната салмасқа Мұрат Әйтенов?

Миллион тұрғыны бар қала әкімінің, миллион құлағы жоқ екені белгілі. Бірақта, күн келіп киесін танып, көкейдегі көздеген ойымыз бен танысып қалар деген пікір мен халыққа ой тастадым. Сіздер не айтасыздар құрметті жамағат?
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Сардар Әбдіжақия
суреттер интернет желісінен жүктелді

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?