8 маусымнан бастап Маңғыстауда карантиндік шаралар күшейтіледі

Маңғыстау облысында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі 7%-дан өсуі және эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері №37 Қаулысына сәйкес:

Келесі нысандардың жұмысы тоқтатылады:
— кинотеатрлардың, театрлардың, көрмемелердің, интернет және
компьютерлік клубтардың, ойын ұйымдарының;
— түнгі клубтар, кальян барлардың;
— ойын-сауық нысандардың (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар,
квест, боулинг-орталықтар және т. б.);
— 30 орындықтан асатын мейрамханалардың, кафелердің,
тойханалардың;
— моншалардың және сауналардың (жеке нөмірлерді, кабиналарды қоспағанда);
— балалар аттракциондарының.

Ал, келесі қызметтерге шектеу қойылады:
— облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, ауылдар арасына қатынауына;
— таңертең сағат 06:00-ден сағат 10.00-ге дейін, кешкі сағат 17:00-ден сағат 21:00-ге дейін рұқсат ете отырып, қалаларда, аудандарда ішкі қоғамдық көліктің жұмысына,
— ойын-сауық, өзге де қоғамдық шараларға, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге;
— кәмелетке толмағандардың ересектердің бақылауынсыз өздігінен жүруіне;
— барлық жерде бетпердесіз жүрмеуге, халық көп жүретін жерлерде, соның ішінде қоғамдық көліктер мен дүкендерде;
— мешіттерде жамағаттың қатысуымен жұма намаз өкізуге (күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, әр кісінің құлшылық жасау орны 1,5 метр қашықтықта сай етіп белгіленсін).

Карантиндік іс-шаралардың тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін. Маңғыстау облысының әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?