Сот шешімінің шыққанына жаға ұстатып, мемлекеттен 49 жылға алынған құдық, адамның денсаулығынан айырып та үлгерді. «Гуманный» судья, «туманный» судьяға айналып кеткен бе?- дерсің. Әр судья шешімді өзі қабылдайды. Ешкімнің, судьның құзырындағы іске араласуға ақысы жоқ. Егер судья заңды белшесінен бұзып, жасандылыққа жол беріп отырса, қайтеміз?Түркістан облысындағы аудандағы судьяның «сорақылығы» сор болған көрінеді.Абилдаев Ережеп есімді ағамыздың қарашаңырақ аталып кеткен құдығын «құтырғандар» судьяға жасанды құжаттар өткізіп өзінің дегенін іске асырған көрінеді. Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының экс-судьясы Әшірбек Рахымбаев пара алып 4 жылға сотталған соң, сілтемеден толығырақ: https://baigenews.kz/news/eks-sudyu_osudili_za_poluchenie_vzyatki_v_tri_milliona_tenge_v_turkestanskoy_oblasti/?fbclid=IwAR0jYCTE4amq-nStHFFbfps811ichiGpiYGKbh2B_UmMIzA5NOAoeLZdZZA Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы Түгел Бекбайұлы Бекімбетов 300 000 мың теңге пара алды- деген күдікке ілінгеннен кейін, сілтемеден толығырақ: https://revizorro.kz/?p=3050&fbclid=IwAR1JiJ46_nuwCTlf8OyFLm0yApJ64_Gfe8vB-OCVuI3FZ6hX82g-Pv2WAg8судьяларға қайдан сенім болсын?49 жылға алынға құдықтың мәселесін қарап жатқан, Жетісай аудандық судья туралы, қара ойлылар мен аузы жалас деуге келеғоймас әзірге. Деген мен де «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің ақпаратқа жасаған зерттеу жұмыстарын сіздерге ұсынуды жөн көрдік:

— Әбілдаев Ережеп, Қараөзек ЖШС-нен 4 сәуір 1996 жылы № 18 ЛА бұйрығына сәйкес өзіне тиесілі пай үлеспен «Ақсұңқар» ӨК-не өтіп кеткен. Оған дәлел ретінде бұйрықтың көшірмесі «Қараөзек» ЖШС еңбек инспекторы еңбек кітапшаларын тапсырған, «Ақсұңқар» ӨК-ң еңбек инспекторының қабылдап алғаны жөніндегі акт, «Ақсұңқар» ӨК-і мүшелерінің мүшелік жарна төлегендер туралы тізімі бар.

— Мырзашөл ӨК-і, «Қараөзек» ЖШС-нен бөлініп шықпаған. Бұл туралы архивтік анықтама дәлел ретінде сотқа ұсынылған.- Мырзашөл шаруақожалығы Ленин атындағы ЖШС-н бөлініп шыққанын растайтын архивтік анықтамада берілген.

— 16.04.1996 жыл тапсыру актісі жөнінде «Қызтуғын», «Баймұрат», «Жетімбала» құдықтары- жалпы соммасы 179 000 тенге бағаланып, «Мырзашөл» шаруа қожалығы берілді делінген. Тапсырушы комитет төрағасы Б. Жақсынов комиссия мүшесі М. Серқұлов деп көрсетілген, алайда тергеу барысында Б. Жақсынов ешқашан комиссия төрағасы болмағанын, ешқандай актіге қол қоймағанын айтқан. М. Серқұлов актідегі қол өзінікі емес екенін айтып, жазып берген- деп, 16.04.1996 жыл акт кезінде Шардара аудандық БТИ-арқылы 14.10.2001 жылы құдық, үй қатарындағы техникалық төл құжаттар жасалған. Кейіннен тергеу-сот арқылы арыз түскен соң, ол құжаттардағы рәсімдеуге рәсімдегі негіз болған акті жөніндегі мәліметтер өзгертілген, осындай жалған құжат жасаған қылмыстарын жасырмақ болған көрінеді. Ал бұл туралы құжаттардың архив мөрі мен бекітілген түпнұсқаның көшірмелері бар. Осыншама ақпараттарды журналистер анықтап жатқанда, судьялар көрмей қалуы мүмкін емес шығар енді? Судьяларға сенімнің жоғалуы тек пара алып ұсталғандарының арқасында ғана емес, бәлкім дәл осындай әрекеттерді назарға алмай жатқандығы болуы әбден мүмкін. Жетісай ауданы сотындағы аталған ақпараттардың сот отырысына төрағалық етуші судьяның әділ шешім шығарып береді деген үміт әзірге үзілмеді. Оң шешімін күтетін боламыз.

Ақпараттарды сараптау нәтижесінің жалғасы бар.

сурет шартты
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?