Шымкентте сырқаттанғандардың көптігі сонша, ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Тіпті мегаполистегі жаңадан ашылған су жаңа жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты. Салдарынан науқастар жедел жәрдем көліктерінің ішінде сағаттап күтуге мәжбүр. Жуырда ғана іске қосылған орталықтағылар мұнда орын жоғын айтып ақталуда. Алайда жаны қысылған науқастардың туыстары бұған сенгісі жоқ. Медица қызметкері қазір мұнда жатқандардың саны тіпті артық деп қосты. Ал мына жігіттің анасы бүгін таңертең жан тапсырыпты. Оған «қос өкпесі қабынған» деген диагноз қойылған екен. Арнайы көлік үйден әкеткенімен ауруханалар қабылдамай уақыт жоғалтық дейді. Біз мына жақта 13 сағат, бір больной қасымызда тұрған, ол да қайтыс боп кетті. Бізде газ таусылған еді, газға барайық дедік, газға жібермеді. ..сонымен кіргіздік, 9 -дан өте кіргіздік. Жарты сағаттан кейін хабар кеп жатыр, мамаңыз қайтыс болды. Жүрегі тоқтап қалды дейді. Жүріп тұрған адам қалай қайтыс болады..? Біз шок боп қалдық. Ауруханалар түнде ғана емес күндіз де нуқастарды қабылдап жатпағанына бізде куә болдық. Науқастардың да, оны жеткізушілердің де төзімі таусылуға шақ. Жедел жәрдем қызметіндегілердің жіпсіз байланғаны былай тұрсын, індет өршіп тұрған қазіргідей шақта ауру жұқтырамыз ба деп қорқады. ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: 1,5 сағат болды алып жүргенімізге, қабылдамайды больницалар. Не істеуіміз керек? Мен мынамен 1,5 сағат болды жүргеніме. Егер мен ауырсам не болады? -Covid па ол кісі? — Covid подтвержденный, бұл тексерілген, қолында қағазы бар «Covid » деген . Ал жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері жайдайды аурудың бір өршіп, бір түсуімен байланыстырды Амангелді НҰРЛЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Орын болмағанның есебінен біз ішке жібере алмай жатырмыз науқастарды. Ол модульный госпитальда барлығы есептелген Коронавируспен таңертеңгі біздің информация бойынша -109 науқас жатыр. Қалғандарының бәрі ОРВИ пневманиямен жатыр қазір. Реанимация бөлімшесінде 19 нақуас жатыр. Мамандар орын жетіспеушілігінің тағы бір себебі қағазбастылықта екенін де жасырмайды. Болмаса ауру жұқтырғандардың қатары артуына байланысты қалада қосымша орындар көптеп ашылып жатқанын алға тартты. Ресми мәліметке сүйенсек Шымкентте COVID-19 диагнозы 1482 адамнан анықталған. 13 адамның ажалыосыдан келіпті. Ал пневмания мен жедел респираторлық вирус жұқтырғандар саны -1200.

А. Төребекқызы

Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/55468/

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?