Оң шешім мұнда тұрсын, ойланатын облыстан да ешкім көрінбеді. Орын алған жағдайға 10 күннен асып кетседе мойын бұрған билік басшыларының әрекеттерін көру арманға айналғандай. Карантин- деп бастарып құмға тыққан шығар, шырылдаған халықтың жанайқайын емес, карантиннің кезіндегі «кайфтары» үшін вино ішіп, полицейлерге бағынғысы келмей, көкіректерін көзіне көрінгендерге көрсетіп жүрген мемлекеттік қызметкерлерге не болған дерсің?

Ақтөбе облысындағы Темір ауданына қарасты Кенкия ауыл әкімінің әрекетін бейнежазбадан көріңіз, бәлкім түсінерсіз?Мүмкіндігі шектеулі жанның, еңбекақысы төленбей жүр- деген Гүлнар Алдашеваның жанайқайын ешкім тыңдағысы келмейтін көрінеді. Біз, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі құлақ түріп, ақпараттарды назарға алған болатынбыз. Кенкия ауылы әкімі, қай дәу ағаның қауһары мен жұмыс жасап жүргені белгісіз, белгілісі, қызметкерлерін жұмыс уақтысында спирттік ішімдік ішкені туралы ақпараттарды жоққа шығарғысы келіп, тіпті келген полицейлердің әрекеттері үшін, полицейлерге қысым көрсетіп жатқаны туралы қауесеттерді де естіп жатып, жаға ұстап отырмыз.

Қызығы, әкімдіктегі қызметкерлердің спирттік ішімдік ішкенін өз ауыздары мен айтқаны мұнда тұрсын, облыс әкімдіктеріндегі басшылардың қол жеткізіп, процессуалдық шешім шығара алмай жатқанында, журналистер, әкімдікке келген полиция қызметкерлері, наркалогиялық тексерістеріндегі, әкімдікте жұмыс жасап жүрген азаматшалардың бірінен спирт мөлшері 0,8, екіншісінен 0,29 анықталғанын растайтын бейнежазбасына қол жеткізіп үлгерді.

Ал облыс басшылығы болған «бассыздыққа» басын ауыртқысы келмейтін көрінеді.

ішін ара сурет шартты

(ЖАЛҒАСЫ БАР)

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?