МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕМХАНАЛАРЫНДА ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРЫП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРҒА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БЕРІЛУДЕ
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмектер, материалды техникалық қамтамасыз ету және инвестициялар бөлімінің бас маманы Жанар Төлебаева хабарлады.
Пневмония бойынша 1 миллион 987 мыңнан аса теңгеге 878 адамға рецепт жазылып, халық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар тек қана пневмония емес басқа да инфекциялық аурулар бойынша 1877 адамға 4012 (упаковка) антибиотиктер берілді. Қазіргі таңда облыс бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмектермен 124 мың 600 адам қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні ауруханада дәрі-дәрмек жеткілікті, емхана қоймаларында жалпы саны 15 мың азитромицин таблеткасы бар. Облысқа бір айлық көлемінде дәрі-дәрмектер және антибиотиктер келді. Десе де, науқастардың көбеюіне байланысты эскофармацияға қосымша өтінімдер жолданды.

Ақтау қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?