Халықаралық қалалар қауымдастығының өкілдері Елбасын келе жатқан мерейтойымен құттықтады-деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі.

Астаналар мен ірі қалалар халықаралық қауымдастығы өкілдері ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, әлемдік аренада танымал қала, ел астанасының негізін қалаушы. Қала алдағы төрт жыл Халықаралық қалалар қауымдастығына (ХҚҚ) жетекші болып сайланды. Қауымдастық құрамына әлемдегі 9 елдің 85 қаласы кіреді», — деп атап өтті конференцияға қатысушылар.

Онлайн-конференцияда қала басшылары пандемиямен күресте Smartcity мен инновациялық жобалар талқыланды. Қалалар өз тәжірибесін бөлісті. Мәселен, Рига қаласының (Латвия) өкілі әзірлеген мобильді қосымша туралы айтылды. Қосымша арқылы пайдаланушы жақын маңда COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар мен науқастардың бар — жоғын анықтай алады. Авторлардың айтуынша, бұл пайдаланушыға сақтану үшін немесе жол жүру бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазан, Ташкент мэрлері, Оулу өкілі (Финляндия) және т.б қалалар өз IT-тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн-конференцияға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған шаралары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирусқа қарсы күрес тәжірибесіне оң пікір білдірді. Атап айтқанда, бұл қысқа мерзімде модульдік инфекциялық госпиталь құрылысы, медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау және оларды тұратын орын жаймен, көлікпен қамтамасыз ету, құрылған Жеделштабтың жұмысы, IT-технологияларды енгізу, жедел жәрдем базасында құрылған орталық КВИ-ге шалдыққан науқастарды жүйелі стационарларға бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жедел жәрдем станциясының телеграм-ботының жұмыс істеуі және т.б.

ХҚҚ Бас директоры Владимир Селиванов қатысушы елдер атынан Қазақстан астанасына бірлік пен татулықты білдіретін «Армандар қала тұрғызады» инсталляциясы ұсынылатынын атап өтті. Инсталляция елорда скверлерінің бірінде орналасатын болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов конференцияны қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

«Әрбір қала үшін көрші мемлекеттер қалаларының тәжірибесі маңызды. Бүгін біз COVID-19-бен күресте тәжірибе алмастық. Алдағы 4 жылға арналған ХҚҚ дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары: қалалардың тұрақты дамуы, цифрландыруды дамыту, сондай-ақ қалалар арасында Smart-технологиялармен тәжірибе алмасу. Қазіргі пандемия кезеңі жаңа технологияларды дамыту және цифрландыруға ерекше назар аудару маңызды екенін көрсетті. Елордамызды «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» жоспары аясында дамытудамыз. Қала елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барлық сала бойынша ыңғайлы болуы керек», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?