3639 АЗАМАТ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ. Бұл туралы Мұрат Әйтенов брифингте жариялады.

ЖРВИ-мен (ОРВИ) пневмония бойынша Шымкент қаласында 1.06.2020 жылы 3 провизорлық стационарда 320 төсек орын ашылған болатын.15-30.06.2020 жылы аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсек орын ұйымдастырылды. Бұл жөнінде қала әкімі баспасөз мәслихатында баяндады.

Бүгінгі таңда 26 мемлекеттік және жеке нысандарда 3010 провизорлық төсек орын жұмыс істеп тұр.

  • 1.06.2020 жылдан бастап 6340 пневмониямен сырқаттанушылық тіркелді, оның 6060 немесе 95,6 пайызы аурухана жатқызылды. Бүгінгі күні 60 пайызы немесе 3639 науқас емделіп шықты,- дейді қазіргі жағдайға тоқталған қала әкімі.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, ЖРВИ мен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бастап 11 891 жағдай тіркелген, оның ішінде 535 немесе 4,5 пайызы ауруханаға жатқызылған. Олардың 86 пайызы немесе 460 науқас емделіп шыққан.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?