Құрметті жерлестер! Еліміздегі, атап айтқанда, Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізге медициналық қызметкерлердің консультациясы мен көмегі қажет екені өздеріңізге белгілі. Медициналық көмек қазір халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Алайда, қажетті медициналық көмекті біз барлық санитарлық — эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алуға тиіспіз. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету бүгінгі күні пациенттің өзі мен айналасындағылар үшін ең қауіпсіз болып отыр. Осыған орай, қаламызда келесі аптадан бастап қашықтықтан медициналық көмек алу 1430.kz. порталы арқылы қолжетімді болады. Аталған сервис арқылы қаланың, ауданның, шалғай мекеннің әрбір тұрғыны үйден шықпай-ақ медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. 1430.kz сервисі арқылы біздің емханалардың білікті мамандары қызмет көрсетеді, сіз жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалы мамандардан көмек ала аласыз. Алдағы аптада 1430.kz порталына тіркелу және қолдану туралы қосымша ақпарат тарататын боламыз. Қазір ауруларды, соның ішінде коронавирус инфекциясын емдеу бойынша көптеген дәйексіз ақпарат пен нұсқаулықтар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Өзін-өзі емдеуге және дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдауға болмайтынын есте сақтағандарыңыз жөн. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов

Loading

от admin

Один комментарий к “Мұрат Әйтенов, 1430.kz. порталы туалы маңызды ақпарат жариялады”
  1. Чимкентте қайтқан жерге , кунде бір уйге жинала беруін , ең қауіп улкен кісілерде болсада , әлі тоқтамай тұр. Гигиена еш сақталмай , олардың жиылуы өте қауіп екенін қашан тусінед олар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?