Түркістан облысы Полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-алдын алу іс-шарасы көлемінде ағымдағы жылдың басында 70-ке жуық есірткі құқық бұзушылығы мен қылмыстарын, соның ішінде 12 есірткі сату және көп мөлшерде есірткі затын сақтаудың 7 дерегін анықтады. Полицейлермен заңсыз айналымдағы 11,5 кг-нан асатын есірткі затын тәркіледі.

Атап айтқанда, 2019 жылдың қаңтар айында ТО ПД ЕБҚКБ-на Төлеби ауданының тұрғыны марихуана сатумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Заттай айғақ ретінде салмағы 40 грамнан асатын марихуана тәркіледі.

ТО ПД-нің полицейлері Ордабасы ауданынан есірткі сатудың тағы бір жайтын анықтады. Жедел іс-шарасы барысында ЕБҚКБ қызметкерлері есірткі сатады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер заттай айғақ ретінде жалпы салмағы 50 грамнан аса марихуананы тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа ҚР ҚК 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?