Адам өміріндегі ең игі істердің бірі — мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне көмек қолын созу арқылы жақсылыққа қадам бастайды. 2019 жылы 20 ақпан күні көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Мұсаәліұлы Жумаханбетов Шымкент қаласындағы анасынан жетім қалған үш отбасының үйіне арнайы барып, жағдайымен танысып қайтты. 
Сол отбасылардың бірі – марқұм Тлемисова Анардың артынан төрт бала-шағасы қалған екен. Күйеуі болса 2016 жылы қаза болған. 4 бала нағашы әжесінің қамқорлығында, барлығы жалдамалы пәтерде тұрады. Үлкен екі бойжеткен қыздары студент, тағы кәмелет жасқа толмаған екі бала бар. Олардың барлығы қарт әжесімен бірге тұрады. 


Екінші отбасы да Шымкент қаласының маңындағы елдімекен тұрғыны марқұм Жансая Ақтанбердиеваның артынан 4 кәмелет жасқа толмаған балалары қалған. 4 баланы әкесі жалғыз өзі бағып отыр екен. Басында баспанасы, өзінде жұмысы да жоқ. Балалардың қамқоршысы болған әкенің «Балалардың болашағы үшін қалаға келіп орналассам ба деген ойым бар. Сіздер тараптан маған көрсеткен көмектеріңіз болсын, нақты мекен-жайға тіркеу жағынан қол ұшын берсеңіздер» деген уәжіне Департамент бастығы өз тарапынан көші-қон басқармасының қызметкерлеріне тапсырып, оны тіркеуге алатынын, сондай-ақ, басқа да мәселелер бойынша кез-келген уақытта хабарласа алатынын және полиция тарапынан көмек көрсетілетінін атап өтті. 
Үшінші отбасы марқұм Бағила Балданбаеваның артынан 4 балалары қалған. Бала-шағасы үлкен қызының қамқорлығында. Оның өзі студент. Бұлар да жалдамалы пәтерде тұрады екен. Ең кішкентай бауыры 3 жаста.
«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, сауабы бар іске ат салысу әрбір жанның азаматтық парызы деп білетін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы бірігіп, мұқтаж әр отбасыға ақшалай көмек көрсетті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан шыққан бұл игі бастамасының негізгі мақсаты — кәмелетке толмаған жетім қалған балаларға жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Ата-анасынан айрылған жандарға қайырымдылық көмек көрсету Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығының басты назарында.
Полиция әрқашан Сіздерді қорғауға дайын.

Шымкент қаласы полиция департаменті

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?