Есіктерін ішінен құлыптап алып жұмысын жасап жатқан бір қаншама кәсіп орындарының бетін ашқан әкім орынбасары Ержан Жылқыбаев арнайы рейд ұйымдастырып, карантин тәртібін бақылауға көшкен.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев

«Жамбылдық тұрғындар қауіпті індеттен сақтану шараларына әлі де бейжай қарауда. Бұған кеше түнде Тараз қаласындағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарына рейд барысында көз жеткіздім. Менімен бірге Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бақыт Ратаев, арнайы мобильдік топтың мүшелері, құзырлы органдардың және төтенше жағдай қызметкерлері болды»-деп жазады Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев өзінің фейсбук парақшасында.

Жамбыл облыс ыәкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың рейдттің іс-шарасының барысы.

Алайда мегаполистің әкімі Мұрат Әйтенов көшеде екі-үш адам мен бірге маска таратып жүрсе, президенттен сөгіс естіген Шымкент шаһарының басшысы бюджеттен кофемашинасына тендер жариялаған көрінеді. Сілтемеден толығырақ: https://astarlyakikat.kz/?p=6074&fbclid=IwAR0AStRKzOH2wb_-jkA_ee1dNRBmLvw8WvD9DgT2IFhyef5bVgOCnICyIbw

Шымкент қаласы әкімі мен бірге жүрген жігіттің біреуі «айтып бар, қала әкімі маска берді»-деп, деген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланыпта жатыр. Бірақ біздің қоғам әкімнің қолынан маска алып оны мақтан тұтып, қасиет көретін деңгейде өмір сүріп жатқан жоқ- деп санаймын

Маска таратып жүрген Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов

«Көпшілік бұл рейдтің мақсаты айыппұл салу емес екенін ұғынғаны жөн. Қазіргі пандемиялық жағдай бізге карантиндік шараларды барынша сақтау қажет екенін көрсетіп отыр. Өйткені, күн сайын әрқайсымыздың туысымыз, жақынымыз, танысымыз осы дерттен зардап шегіп жатыр. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға, азайтуға Сіз де, біз де жауапты әрі мүдделі болуға тиіспіз»-дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев.

Сардар Әбдіжақия, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?