Білесіздер шілде айында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы рейд жұмысына қатысқан болатынмын.

Нәтижесі көңіл көншітпейді.

Ресми хабарлаған ақпарат пен шынайы жағдайдың көрінісіндегі сәйкессіздікті анықтадым.

Ал, бұл сапардың басты мақсаты жалпы өңірдегі жағдайды өз көзіммен көру.

Оңтүстік халқы вирустан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі.

Міне бүгін, бірінші Шымкент қаласындағы №3 Кардиологиялық орталықтың ұжымымен жүздестім.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты, орталықта қазіргі таңда пневмония және коронавирус жұқтырған азаматтар емделуде.

Бас дәрігерлердің айтуынша қазіргі уақытта жағдай тұрақтанған.

Дәрі –дәрмекке деген сұраныс азайған.

Тек бір үлкен мәселе орталықта әлі күнге дейін оттегімен қамтамасыз ету қиынға түсіп отыр.

Ауыр хәлдегі жандарды емдеуге арналған орталықта ескі әдіспен оттегі баллондарын қолдануда.

Яғни, оттегімен қамтамасыз ететін заманауи жабдықтар мүлде жоқ.

«Жоқтан бар жасап» отырған ақ халаттылар оттегі баллондарының қауіпті екендігін де жасырмады.

Егер, бір баллон байқаусызда жарылатын болса айналасындағы тіршілікке қауіп төндіреді.

Айтпағым, біз қазірден екінші толқынға дайын болуымыз керек.

Билік Оттегі генаторларымен толықтай қамтамасыз етуге міндетті.

Себебі, бірінші лекте оттегі баллондарын іздеп шарқ ұрып жүгіргеніміз бәрінің есінде.

Сондықтан бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды.

Еңбек қауіпсіздігі, науқастарды қабылдау, дәрігерлердің үстемақылар мен өтемақылар төлеу сияқты негізгі мәселелер бойынша алдағы уақытта да кардиоорталық ұжымымен байланыста боламын.

Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге сый-құрметке лайық!

Нұржан Альтаев

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?