Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданындағы аналар ашынғаннан айқай салды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады, «Ресми Фактор газетінің редакторы «Алия Ортаеваның Фейсбуктағы жариялаған ақпаратына сілтеме жасап.

Сайрам ауданында заңсыз сауда орындарында киім-кешек сатып отырған аналар, карантин кезінде қиындықтарға тап болғанын, балалрының нанын табу үшін осы қадамға барып отырғаны туралы баяндап, жергілікті полицейлердің 200 000 теңгедей айыппұлдар салып жатқанына ашынып айқай көтерген.

-Балаларымның нанын тауып бере алмай отырғанда, айыппұлды қалай төлейміз?-деген ана, полицей қызметкерлерінің боқтап кететінін айтып, көз жасына ерік берді. Толығырақ бейнежазба арқылы таныса аласыздар:

Алия Ортаеваның фейсбук парақшасынан жүктелді

Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуден айыппұл салып жұмыс жүргізген оңай шығар, аналардың жолақ бойында отырып сауда жасайтын жерлеріне қара түсті сұйықтық құйып кеткенін көруге болады. Айтуларынша бетперде (маска) тақпадың-деп 83 000 теңге айыппұл салып кеткен екен, алайда айыппұл салған полицейдің өзі бетперде (маска) тақпағанын айтып, телефонына түсіріп алған бейнежазбаны табыстаған:

Ашынған аналардың бетперде (маска) тақпаған полицейді түсіріп алған бейнежазбасы

Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген болса, егер аналарға жағдайы мемлекет тарапынан көмек берілсе, онда аналар неге ызаланып отыр?- деген ой мазалайды бізді. Ал төрелігін облыс басшылары мен үкіметке тапсырдық.

Сардар Әбдіжақия, Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?