«Қазақстан дипломаттары бірлестігі» АҚБ «Милосердие ерікті қоғамы» қоғамдық қорына гуманитарлық көмек көрсетті.
АЛМАТЫ, 2020 жылдың 14 тамызында «Қазақстан дипломаттары бірлестігі» аймақтық қоғамдық бірлестігінің «Милосердие ерікті қоғамы» қорына150 дана ноутбукты табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шара аясында аталған екі ұйым арасындағы әріптестік жайлы меморандумға қол қойылды.
Техникалық жабдықты таңдау барысында Алматы қаласы білім басқармасының нұсқауына жүгініп, ноутбуктарды жеткізуші ретінде «Технодом оператор» АҚ таңдалды.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз үндеуінде елімізді жайлаған індеттің салдарымен күресу жолында қазақстандық дипломаттар да үнсіз қалмай, ел үшін қиын кезеңде қол ұшын беру — парыз екендігін басып айтты.
Бүгінгі таңда елімізді жайлаған пандемия кері шегініп, медициналық қажеттілікті Денсаулық Министрлігі толығымен өтеуге қабілетті болған тұста, қазақстандық дипломаттар бірлестігі әлеуметтік деңгейі төмен отбасылардың балаларына арнап 150 дана компьютер сатып алу жайлы шешім қабылдады. Себебі карантинге байланысты балалар толығымен қашықтан оқыту жүйесіне көшпек. Осыған орай, қазақстандық дипломат аталған ноутбуктарды тарату мақсатында көмек көрсетуге дайын «Милосердие ерікті қоғамы» қорына алғыс білдірді.
Бұл ноутбуктар қазақстандық дипломаттар бірлестігі ерікті мүшелерінің, яғни, Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппараты мен шетелде қызмет атқаратын дипломаттардың қаржысына алынды.
«Қазақстан дипломаттары бірлестігі» АҚБ өкілдері қайырымдылық акциясын жүйелі түрде ұйымдастырып тұрады. Ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 20 шілдесінде дипломатиялық қызмет атқарған ардагерлерге дәрі-дәрмек пен жеке басына қажетті заттар жеткізілген. Аружан Саин

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?