Түркістан облысында автобустың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде-деп хабарлады, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
26.08.2020 жылы сағат 06:30 шамасында Түлкібас АПБ кезекші бөліміне ауруханадан Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 649 шақырымында жолаушылар автобусының аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге бірінші болып Түлкібас АПБ жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальоны мен Төтенше жағдай қызметкерлері келді. Полицейлер мен ТЖМ қызметкерлері жолаушыларға аударылған автобустан шығуға көмектесті, оларға сол жерде психологиялық және басқа да қажетті қолдауларды көрсетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам, яғни жүргізуші мен 1 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қалған 19 жолаушы, оның ішінде екі жүкті әйел медициналық көмекке Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласының ауруханаларына жүгінген.
Алдын ала мәліметтер бойынша апаттың себебі ауа-райының қолайсыздығы болуы мүмкін. 21 адам болған жолаушылар автобусы Сарыағаш ауданына бет алған. Жолда жүргізуші рульді басқара алмай, кюветтің оң жақ жиегіне шығып кеткен.
Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық Полиция департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде. Бұл жайт Түлкібас АПБ-не тіркелді. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде. Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?